«Жастар: құқық, міндет, жауапкершілік»

08.09.2021

2021 жылдың 6 қыркүйегінде жастар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында колледждің барлық білім беру топтарында «Жастар: құқық, міндет, жауапкершілік» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатында топ жетекшілері оқушыларды «құқық бұзушылық», «қылмыс», «қылмыстық жауапкершілік» ұғымдарымен және Қазақстан Республикасының әкімшілік қылмыстық кодекстерінің сәйкес баптарымен таныстырды.

Студенттерге қылмыстық жауапкершілік қай жастан басталатыны және қылмыс жасағаны үшін қандай жаза қолданылатыны туралы түсіндірме берілді. Топ жетекшілері оқушыларға көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалыс орындары мен карантиндік тәртіп ережелерін сақтауды ұсынды.

Бұл шара студенттердің азаматтық-құқықтық санасын және өз іс -әрекетіне жауапкершілік сезімін қалыптастыруға бағытталған.



Текст
Виртуальная приемная